Төтенше кеңес
Бас  /   Біз туралы  /   Төтенше кеңес
ТӨТЕНШЕ КЕҢЕС ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі жанындағы алқалы -кеңесші орган.

ТӨТЕНШЕ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ КІМ?
- Уәкілетті органда тіркелген туристік қызметке жататын бейінді қауымдастықтардан бір өкілі;
- Уәкілетті органның өкілі;
- "Атамекен" ҚР ҰКП өкілі;
- ҚР ИДМ ААК өкілі;
- Қажет болған жағдайда Кеңестің құрамына басқа адамдар шақырылуы мүмкін.

ТӨТЕНШЕ КЕҢЕСТІҢ ҚАНДАЙ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ БАР?

а) туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік дәрежесін айқындау;
б) өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған туроператордың не туроператор-әуе кемесімен жалданушының банктік кепілдігі бойынша қаражатты пайдалану не өтеу мақсатында қаржы мекемесіне талапты жіберу туралы шешімді бекіту;
в) қабылданған шешім бойынша уәкілетті органды хабардар ету.

ТӨТЕНШЕ КЕҢЕСТІҢ ҚАНДАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ БАР?
Кеңестің тұрақты мүшесі мынадай құқықтарға ие:
- кеңес отырысына шығарылған мәселелерді талқылауға қатысу;
- кеңес отырысының күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс беруге қатысу;
- жүйенің әкімшісі кеңесінің отырыстарының хаттамаларымен танысуға, сондай-ақ көрсетілген хаттамалардың көшірмелерін алуға;
- ҚР қолданыстағы заңнамасымен және жүйенің әкімшісінің құқықтық актілерімен көзделген өзге де құқықтар.

Жүйе әкімшісі кеңесінің мүшелері міндетті:
- кеңес шешімдерін қабылдауға қатысу;
- кеңес шешімдерін орындау;
- өз міндеттеріне адал қарауға;
- кепілдік беру жүйесінің және оның қатысушыларының қызметі туралы өздеріне белгілі болған құпия ақпаратты жария етпеуге;
- ҚР заңнамасымен және жүйенің әкімшісінің құқықтық актілерімен көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Төтенше Кеңес туралы ереже
Төтенше Кеңестің Құрамы
Кеңестің хаттамасы
Барлығына арналған артықшылықтар
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы №607 қаулысымен қолданысқа енгізілді. "Туристік Қамқор" корпоративтік қоры ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы №608 қаулысына сәйкес жүйенің әкімшісі болып белгіленді
Жедел тіркеу және растау
Туркодты автоматты генерациялау
Қамқор серверінде Туркодты өңдеу
Қазақстанға туристерді қайтару кепілдігі
Жүйенің қызметі туралы жыл сайынғы есептер
Туристік саланың барлық қатысушыларының өзара тиімді іс-қимылы
Күнделікті ұшу статистикасы
+
Сообщение сайта
+
+
Хотите разместить заказ или узнать больше о наших продуктах?
Пожалуйста, заполните форму ниже.
Ваше сообщение будет обработано в кратчайшие сроки!
Жіберу