FAQ
Бас  /   FAQ
Еске саламыз! Қазақстандық туристермен шетелде түрлі жағдайларға жол бермеу мақсатында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіз кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын қазақстандық туроператорлармен ғана жұмыс істеуге және туристтерге ТУРКОД беруге құқылысыз.

Турагенттік шетелдік компаниядан қонақ үйде тұру қызметін жеке брондап, төлей ала ма?
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес Турагент туристерге қазақстандық туроператор қалыптастырған турөнімді ғана өткізуге құқылы.
Турагенттің қонақ үйді шетелдік туроператордан тікелей броньдауға құқығы жоқ, өйткені ол ақшаны шетелге жібере алмайды. Бұл валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңнаманы бұзу болып табылады және тиісті жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда біз тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат жеткіземіз.

Туристердің жеке деректерін қорғаудың қандай тетіктері қарастырылған?
Турлар тізілімдерінде және туркодтарда турист паспортының нөмірі ғана көрсетіледі, бірақ оның жеке деректері емес. Деректерге тек туристік өнімді қалыптастырған туроператор, оны жүзеге асырған турагент және туристтің өзі қол жеткізе алады. Енгізілген деректер туралы ақпарат оның жазбаша сұрау салуы бойынша уәкілетті органға ғана беріледі.

Жосықсыз туроператорларды анықтау тетіктері құрыла ма?
Қор осы механизммен жұмыс істейтін болады.

Түскен ақшаның ашықтығын Қордың қандай бөлімі қамтамасыз етеді?
Арнайы шоттың қаражатын уәкілетті орган, жүйенің әкімшісінің Кеңесі және тексеру комиссиясы бақылайтын болады – олардың өкіліттіктері сайтта жазылған.

Қайырлы күн. Айтыңызшы, турды төлегеннен кейін туристке Туркод қашан беріледі?
Қайырлы күн! Туркод ұшып шыққанға дейін кемінде 1-3 тәулік ішінде берілуі мүмкін, бірақ 100% ақы төлеген кезде сіз туркодты алдын ала сұрата аласыз.
Барлығына арналған артықшылықтар
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы №607 қаулысымен қолданысқа енгізілді. "Туристік Қамқор" корпоративтік қоры ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы №608 қаулысына сәйкес жүйенің әкімшісі болып белгіленді
Жедел тіркеу және растау
Туркодты автоматты генерациялау
Қамқор серверінде Туркодты өңдеу
Қазақстанға туристерді қайтару кепілдігі
Жүйенің қызметі туралы жыл сайынғы есептер
Туристік саланың барлық қатысушыларының өзара тиімді іс-қимылы
Күнделікті ұшу статистикасы
+
Сообщение сайта
+
+
Хотите разместить заказ или узнать больше о наших продуктах?
Пожалуйста, заполните форму ниже.
Ваше сообщение будет обработано в кратчайшие сроки!
Жіберу