Шығу туризмі саласында
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына
кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
Шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
RU
Түсіндірмелер

Еске саламыз! Қазақстандық туристтер шетелде әртүрлі жағдайларға тап болуына жол бермеу мақсатында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сіз Кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын қазақстандық туроператорлармен ғана жұмыс жасауға және туристтерге ТУРКОД беруге құқылысыз.

Жиі қойылатын сұрақ: Жерүсті қызмет көрсету ғана іске асырылған жағдайда ТУРКОД беру қажет пе?

Авиабилетжазып берілмеген жағдайдың өзінде – жерүсті қызмет көрсетуіне ТУРКОДберу қажет.

Турист елден шыққаннан кейін туроператор берген ваучер бойынша орналаса алмаған жағдайда біз оның елге оралуын қамтамасыз етуге тиіспіз.

Осыған байланысты, туроператор өз міндеттемелерін орындамаған немесе орындауға мүмкіндігі болмаған факт туындаған жағдайда Қор туристтің елге оралуына кепілдік береді, яғни оның Туркоды болуы тиіс.

Егер туроператор өзінің турөнімін әртүрлі туроператорлардан екі бөліктен (ұшу және тұру) қалыптастырса, онда ол басқа туроператорлардың қайсысының Туркоды туристке берілетінін олармен келісуі тиіс.

Осылайша, егер Туроператор жерүсті қызмет көрсетуін ғана іске асырса, онда ТУРКОД беруі тиіс.

Жиі қойылатын сұрақ: Турагенттік қонақжайда тұру қызметін шетелдік компаниядан жеке броньдап, ақысын төлей ала ма?

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 б. 3 т. сәйкес Турагент туристтерге қазақстандық туроператорлар қалыптастырған турөнімді ғана өткізуге құқылы.

Турагенттің қонақжайды шетелдік туроператордан тікелей броньдауға құқығы жоқ, себебі ол ақшаны шетелге жөнелте алмайды. Бұл валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнаманы бұзу болып табылады, және тиісті жауапкершілікті жүктейді. Осындай фактілер анықталған жағдайда біз ақпаратты тиісті мемлекеттік органдарға хабарлауға мәжбүр боламыз.

Адрес: РК, г.Нур-Султан, Сарыаркинский район ул. Бейбитшилик, 14 БЦ "Marden" оф.807 (карта проезда)
e-mail: fondkamkor@mail.ru
+7 (717) 227-91-12
Администратор системы «Туристік Қамқор»