Шығу туризмі саласында
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына
кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
Шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
RU
Кеңес туралы ереже

20___жылғы «___» __________ №___

бұйрықпен бекітілген

«Туристік Қамқор>» Корпоративтік Қоры шығу туризмі саласындағы Қазақстан Республикасының Азаматтарына кепілдік беру жүйесінің Әкімшісінің

Шұғыл Кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Жүйенің әкімшісінің Шұғыл кеңесі шығу туризмі саласындағы Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің Әкімшісі - «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қорына (бұдан әрі - «Жүйенің әкімшісі») қарасты алқалық-кеңес органы болып табылады.

1.2. Әкімшінің Шұғыл кеңесі тұрақты мүшелер мен шақырылған тұлғалардан тұрады.

1.3. Кеңестің құрамына дауыс беру құқығымен төмендегілер кіреді:

- Қамқоршылық кеңестің мүшелері;

- уәкілетті органдарда тіркелген туристік қызметке жатқызылған бейіндік қауымдастықтардан бір-бір өкілден;

- уәкілетті органның өкілі;

«Атамекен» ҚР ҰКП өкілі;

- ҚР ИДМ ААК өкілі.

1.4. Жүйенің әкімшісінің Шұғыл кеңесі екі жылға сайланады.

1.5. Шұғыл кеңестің мүшелері өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.

1.6. Кеңестің өкілеттіліктері осы Ережемен регламенттеледі.

  1. Жүйенің әкімшісінің Шұғыл кеңесін қалыптастыру

2.1 Дауыс беру құқығы бар кеңестің мүшелері - тұрақты мүшелер болып табылатын тұлғалар.

2.2. Кеңестің құрамына шақыртылған тұлғалар ретінде кеңестік дауыс беру құқығымен туристік индустрияның өкілдері, сақтандырушылар, қаржыгерлер бірлестіктері, өзге де мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, соның ішінде туристік қызмет пен бейіндік туристік бірлестіктер саласындағы уәкілетті органның ұсынымы бойынша.

2.3. Жүйенің әкімшісі кеңесінің мүшелері келесі тәртіпте кеңестің жұмысына қатысады:

2.3.1. Кеңестің тұрақты мүшесінің мүддесін тұрақты негізде де, кеңестің бір отырысына қатысуға да берілген сенімхатпен уәкілетті етілген басшы немесе тұлға ұсынады.

2.3.2. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің құрамына сайланған тәуелсіз мүшесінің мүддесін кеңестің осы мүшесімен уәкілетті етілген (жіберілген) өкілі ұсына алады.

2.3.3. Жүйе әкімшісінің директоры осы Жарғыға сәйкес Кеңестің жұмысына қатысады.

2.3.4. Бір тұлға Әкімшінің кеңесінде кеңестің бір ғана мүшесінің мүдделерін ұсына алады.

2.3.5. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің бір мүшесі өзінің бір ғана өкілін кеңестің отырыстарына жібере алады.

  1. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің құзыреті

3.1. Кеңестің құзыретіне әрбір отырыста тұрақты мүшелердің қатарынан жиналыстың Төрағасын сайлау кіреді.

3.2. Жүйе әкімшісінің кеңесі келесі өкілеттіліктерге ие:

а) туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамауы бойынша жауапкершілік дәрежесін анықтау;

б) өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының банктік кепілдігі бойынша қаражатты қолдану мақсатында қаржылық мекемеге талапты бағыттау туралы шешімді бекіту;

в) шығу туризмі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша уәкілетті органға ұсынымдар беру.

3.3. Осы ережемен Жүйенің әкімшісі кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер, нормативтік-құқықтық актіде Жүйенің әкімшінің құзыретіне немесе уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Жүйенің әкімшісінің басқа органдарына беріле алмайды

  1. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің жұмыс тәртібі

4.1. Кеңестің отырыстары Шұғыл түрде, қажеттілігі бойынша, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

4.2. Кеңестің отырысын Жүйенің әкімшісі немесе Кеңестің мүшелерінің жалпы санынан кемінде 1/3 (үштен бір бөлігі) санында Жүйенің әкімшісі кеңесінің тұрақты мүшелері тобымен шақыртылады.

4.3. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің мүшелері жазбаша хабарламаларды, телефонограммалар немесе электрондық хаттарды жолдау арқылы тағайындалған отырыс туралы хабардар етіледі.

Хабарламада мыналар көрсетілуі керек:

- отырысты өткізудің уақыты мен орны;

- талқылауға шығарылатын мәселелер.

Кеңестің мүшелеріне күн тәртібінің мәселелерімен байланысты барлық қажетті материалдар ұсынылады.

4.4. Жүйенің әкімшісінің директоры Кеңестің жұмысын ұйымдастырады, отырыстарды хаттаманың жүргізілуін ұйымдастырады. Отырыстың хаттамасын хатшы жүргізеді (құрастырады). Отырысты жүргізу үшін, отырысқа қатысып отырған тұрақты мүшелерінің қатарынан дауыстардың көпшілігімен жиналыстың Төрағасы сайланады.

4.5. Жүйенің әкімшісі кеңесінің шешімдері Кеңестің отырысына қатысатын мүшелердің, Кеңестің мүшелерінің жалпы санынан 2/3 (үштен екі) құрайтын білікті көпшілігімен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Кеңестің әрбір мүшесі дауыс берген кезде бір дауысқа ие. Егер Кеңестің отырыстарына Кеңестің мүшелерінің санынан 1/2 (жартысы) артығы қатысса, олар заңды болып саналады.

4.6. Кеңес шешім қабылдаған кезде дауыстар тең болса, Жиналыстың төрағасы шешуші дауысқа ие болады.

4.7. Кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, ол отырыс өткізілгеннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей түзіледі.

4.8. Бірінші отырысты қоспағанда, Кеңестің отырысының хаттамасына отырысқа төрағалық етуші және хатшы қолдарын қояды, олар хаттаманың түзілуінің дұрыстығы үшін жауапкершілік тартады.

4.9. Хаттамада мыналар көрсетіледі:

- отырысты өткізудің орны мен уақыты;

- отырысқа шығарылған мәселелер;

- отырысқа қатысатын Кеңес мүшелерінің өкілдерінің құрамы;

- отырысқа қатысатын Кеңес мүшелерінің өкілдерінің сөз сөйлеуінің негізгі ережелері;

- дауыс беруге шығарылған мәселелер және олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

- Кеңеспен қабылданған шешімдер.

Хаттама басқа қажетті ақпаратты да қамтуы мүмкін.

4.10. Кеңес отырыстарды өткізбей-ақ (күн тәртібінің мәселелерін талқылау және дауыс беруге шығарылған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін Кеңес мүшелерінің өкілдерінің бірлескен қатысуы) сырттай дауыс беру арқылы (сауалнама жүргізу), соның ішінде Интернет желісін қолдана отырып шешімдерді қабылдауға құқылы.

Сырттай дауыс беру Кеңестің мүшелеріне таратылатын сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдердің көмегімен өткізіледі.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень пішімі Жүйенің әкімшісі Кеңесімен бекітіледі.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень төмендегілерді қамтуы тиіс:

- Жүйенің әкімшісінің толық атауы;

- бюллетень, сырттай дауыс беруге арналған бюллетень екенін көрсету;

- сырттай дауыс беруге шығарылатын мәселелердің тұжырымдамалары (тұжырымдамалар екі мағыналы болмауы тиіс, ал мәселелер тізбесі Кеңестің шешімдері тізбенің тармақтарына сәйкес келетіндей ресімделуі тиіс), сондай-ақ «қолдағандар», «қарсы болғандар», «қалыс қалғандар» тұжырымдамаларымен айқындалған ол бойынша сырттай дауыс берудің нұсқалары;

- бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталатын күні және орны (бюллетень жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей);

- басшының немесе Кеңестің мүшесі өкілінің қол қою орны.

Егер бюллетень төмендегідей болса дауыс беру қорытындыларын шығарған кезде және кворумды анықтаған кезде Кеңестің мүшесінің дауысы есептелмейді:

- Жүйенің әкімшісіне бюллетеньдерді қабылдау аяқталатын белгіленген күннен кешірек келіп түссе;

- Кеңестің мүшесінің немесе мүшесінің өкілінің қолы қойылмаса;

- күн тәртібінің мәселесі бойынша бір нұсқадан көп дауыс берілсе.

Бюллетеньдері осы Ереженің талаптарына сай келетін және Жүйенің әкімшісіне белгіленген мерзімде тапсырылған Кеңестің мүшелері дауыс беруге қатысқан болып саналады.

Сырттай дауыс берудің қорытындылары бойынша бюллетеньдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) күннен кешіктірмей Жиналыстың төрағасы мен хатшысы қолдарын қойған хаттама түзіледі, оған хаттамаға қол қойған күні тапсырылған барлық бюллетеньдер қоса беріледі. Сырттай дауыс беруге шығарылған мәселелердің тұжырымдамалары хаттаманың тұжырымдамаларына сәйкес келуі тиіс.

Шешімді сырттай қабылдау кезінде хатшының міндеттерін Жүйенің әкімшісінің директоры орындайды.

4.11. Жүйенің қатысушыларына қатысты Жүйенің әкімшісі кеңесінің шешімдері Директор тарапынан Интернет желісіндегі ресми сайтқа жариялау және қатысушылардың электрондық пошта мекенжайларына жіберу арқылы қатысушылардың назарына жеткізіледі.

4.12. Кеңестің хаттамаларын жүргізу және сақтауды ұйымдастыру Жүйенің әкімшісінің директорымен қамтамасыз етіледі.

  1. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

5.1. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің тұрақты мүшесі келесі құқықтарға ие:

5.1.1 Кеңестің отырысына шығарылған мәселелерді талқылауға қатысу;

5.1.2. Кеңестің отырысының күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс беруге қатысу;

5.1.3. Жүйенің әкімшісі кеңесінің отырыстарының хаттамаларымен танысу, сондай-ақ аталған хаттамалардың көшірмелерін алу;

5.1.4. ҚР қолданыстағы заңнамасымен және Жүйенің әкімшісінің құқықтық актілерімен көзделген өзге де құқықтар.

5.2. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің мүшелерінің міндеттері:

5.2.1. Кеңестің шешім қабылдауына қатысу;

5.2.2. Кеңестің шешімдерін орындау;

5.2.3. өз міндеттемелеріне адал ниетпен қарау;

5.2.4. Кепілдік беру жүйесінің және оның қатысушыларының қызметі туралы оларға белгілі болған құпиялы ақпаратты жарияламау;

5.2.5. ҚР заңнамасымен және Жүйенің әкімшісінің құқықтық актілерімен көзделген өзге де құқықтарды орындау.

  1. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің мүшесінің құқықтары. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің мүшесінің жауапкершілігі

6.1. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің мүшесі кепілдік беру жүйесінің мүддесінде орынды және адал ниетпен әрекет етуге міндетті.

6.2. Жүйенің әкімшісі қызметінің Кеңестің мүшесінің мүдделерімен қақтығысы туындаса немесе туындау қаупі төнсе ол бұл туралы Кеңесті дереу хабардар етеді. Кеңес немесе оның басқа органы шешім қабылдағанша, Кеңестің мүшесі оның мүдделері мен Жүйенің әкімшісінің мүдделері арасындағы қақтығыстың туындауына әкеп соғатын әрекеттерді жасамайды.

6.3. Жүйенің әкімшісі кеңесінің мүшелері, сондай-ақ Кеңестің мүшелерінің өкілдері сыйлықтар алуға немесе Кеңестің мүшесінің қызметіне не болмаса ол қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мақсатын көздейтін басқа тура немесе жанама пайдаларды алуға құқылы емес. Бұған көпшілік мақұлдаған әдептілік ережелеріне сәйкес символикалық ықылас белгілері мен ресми іс-шараларды өткізу кезіндегі кәдесыйлар кірмейді.

6.4. Кеңестің мүшесі өзінің міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік тартады.

  1. Жүйенің әкімшісі Кеңесінің мүшесінің өкілеттіліктерін тоқтату

7.1. Кеңес Жүйенің әкімшісінің ұсынымы бойынша Жүйенің әкімшісі кеңесінің өкілеттіліктерін (Жүйенің әкімшісі кеңесінің мүшелерінің) мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді қабылдауға құқылы.

7.2. Кеңестің мүшелерінің өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Кеңестің мүшесінің қызметін тоқтату және (немесе) қайта ұйымдастыру, Кеңестің мүшесінің өздігінен бас тартуы туралы шешім қабылданған жағдайда, Жүйенің әкімшісі сол күні Жүйенің әкімшісі Кеңесінің жаңа мүшесін таңдау күнін тағайындау туралы шешім қабылдайды.

7.3. Кеңестің жаңадан таңдалған мүшелері әрекет етіп жатқан Кеңес мүшелерінің өкілеттіліктері аяқталатын күнге дейін өз өкілеттіліктерін орындайды.

  1. Қорытынды ережелер

8.1. Жүйенің әкімшісінің кеңесі туралы осы ереже Кеңеспен қабылданады және Жүйенің әкімшісінің бұйрығымен бекітіледі.

8.2. Осы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешімді Ережені бекіту туралы шешімді қабылдау сияқты тәртіпте Жүйенің әкімшісімен қабылданады.

8.3. Жүйенің әкімшісі кеңесінің құрамы Кеңеспен қабылданады және Жүйенің әкімшісінің бұйрығымен бекітіледі.

Жүйе Әкімшісі Кеңесінің Құрамы

Организация

ФИО представителя

1Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»Токтарбаев Данияр Сейитханович
2ОО «Национальное общество по защите прав потребителей «САПА»Матишев Алиакпар Болатович
3Национальная ассоциация индустрии туризмаКусаинова Ая Нурдаулетовна
4

Казахстанская туристская ассоциация

Шайкенова Рашида Рашидовна
5Тулкиев Аскар Мусаевич
6Бейсенбаев Марат Кенесович
7Жуланова Наталья Валерьевна
8

Ассоциация туристских агентств Казахстана

Нуркебаева Асель Болатовна
9Нурлыбай Айдар
10

Ассоциация туроператоров Казахстана

Омарова Салтанат Салауатовна
11Даиров Талгат Жалгасбаевич
12Галиева Лаура Закарьевна
13Загоруйко Анна Сергеевна
14Практик туризмаАсанбаева Роза Абдыхамитовна
15Практик туризмаКурбанбаева Гульнар Туретаевна
16Независимый членМецик Олег Игоревич
17Независимый членСадвакасов Кайрат Серикович
18Председатель КФ «ТуристікҚамқор»Рей Инна Юрьевна
ИТОГО18 членов
Мекенжайы: ҚР, Нур-Султан қ., Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік к-сі, 14 үй, "Marden" БО, 807 кеңсе (карта проезда)
e-mail: fondkamkor@mail.ru
+7 (717) 227-91-12
«Туристік Қамқор» жүйесінің әкімшісі