Шығу туризмі саласында
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына
кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
Шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
RU
Шығу туризмі саласындағы ҚР азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жеке кабинетінде жұмыс істеу бойынша нұсқаулық МАЗМҰНЫ
  1. Жеке кабинеттегі басты беттегі атқарымдар және мүмкіндіктер
  2. Туркод жасау
  3. Қарау, e-mail мекенжайына жіберу, туркодты басып шығару
  4. Туркодтың күшін жою
  5. Туроператорды авторластыру
  6. Құпия сөзді қалпына келтіру
Жеке кабинеттегі басты беттегі атқарымдар және мүмкіндіктер

www.fondkamkor.kz сайтында операторды авторластырыңыз

Ойдағыдай авторластырудан соң, оператордың басты бетінде боласыз. Бұл бетте сіздің жұмысыңыз үшін қолжетімді атқарымдардың пиктограммалары бейнеленеді және дәл осы атқарымдар қосымша бүйір мәзірде қосарланған. Қосымша бүйір мәзір әрбір бетте бүктелген түрде болады.

Әдепкі түрде, қосымша бүйір мәзір сіз жұмыс істегенде кедергі келтірмеу үшін бүктелген, бірақ тиісті пиктограммаға тінтуірмен басып оны ашып тастауға болады.

Турлар тізімі. Бұл атқарымның көмегімен сізбен жасалған турлардың журналын көре аласыз

Турды ID бойынша іздеу. Бұл атқарымның көмегімен сіздің туркодыңыз бар ма екендігін тексере аласыз.

Теңгерімді тексеру және толтыру ағымдағы теңгерімді өз бетінше тексеруге, банктегі кез келген бөлімшеде оны төлеу үшін, сол арқылы оператордың теңгерімін толтыру үшін өзіңізге төлем шотын жазып алуға мүмкіндік береді. Бұл атқарым туроператор қорға бірнеше рет сұрау жібермей-ақ өз бетінше шотты жазып алуы үшін оның жұмысының жеделдігі үшін қосылды. Бірақ шартта көрсетілген банк шотын төлеген соң ғана сома сіздің теңгерімге есептелетінін есте сақтаңыз. Егер шотыңызды төлесеңіз бірақ теңгеріміңіз төленген сомаға толықтырылмаса сайтта көрсетілген байланыстар бойынша жүйенің әкімшісіне жүгініңіз.

Функция Турды қосу атқарымы сізге жүйедегі турист үшін туркод жасауға мүмкіндік береді. Туркодты жасау туралы толығырақ ақпарат келесі тармақта келтірілген.

Туркод жасау

Жекелеген турист үшін туркод жасау беті мынадай:

Назар аударыңыз: Тур әрекет ете бастағанға дейін туристке туркод табысталуы тиіс.

Туркод өтініштегі әрбір туристке беріледі. Тиісінше, егер өтініште 3 турист болса, сізге үш туркод жасау керек. Туркод ұшақта бөлек орын сатып алмаған жағдайда сәбилерден басқа барлық туристтерге беріледі.

Егер бала (сәби емес) туралы деректер ата-ананың бірінің төлқұжатына жапсырылса, ата-анасына тағы бір туркод жасаңыз, бұл ретте Ескертпе өрісінде бұл ата-анасының төлқұжатына жапсырылған бала екенін жазып көрсетіңіз.

Шартты түрде турларды екі типке жіктеуге болады: бір елді болумен турлар және бірнеше елде болумен турлар (классикалық мысал: Еуропа. Турист Еуропаға шыққан кезде әдетте бірнеше елге барады. Бұл жағдайда туркодты жазған кезде турист олар арқылы ұшатын барлық әуежайларды көрсету керек. Бұл үшін туркодты жасау кезінде Ұшып келу әуежайының коды (бірінші) - өрісінде баратын бірінші әуежайды көрсетесіз және жаңа қызмет блогында Жаңа қызмет қосыңыз (Ұшақ пиктограммасы) Жаңа қызметтер саны =(елдерге бару саны-1) (барған бірінші елдің әуежайының коды Ұшып келу әуежайының (бірінші) коды өрісінде көрсетіледі.

Қызыл түсті жұлдызшамен белгіленген барлық өрістерді міндеттіт үрде толтыру керек. Егер олардың біреуін өткізіп алсаңыз, туркодты жасаған кезде жүйе тиісті өрісті қызыл түске бояп бұл туралы сізге хабарлайды: ал төменде, Сақтау түймесінің жанында қатені белгілейді: Барлық қалған өрістерді оператор қалауы бойынша толтыра алады немесе туркодты толтырған кезде қалдырып кетуге болады.

Фирма-турагент өрісінде тізімнен сізден турды сатып алған турфирма-агент ұйымның атауын таңдаңыз немесе қолмен енгізіңіз.

Күні (Турдың басталған күні, Турдың аяқталған күні, Құқық анықтаушы құжатты беру күні) типті өрістерін толтырған кезде күнтізбе пиктограммасын шерте аласыз немесе енгізу өрісіне меңзерді қойып, пернетақтада ККААЖЖ. Указывать знак "." или "-" между числом месяцем и годом необязательно, система автоматически приведет дату в соответствие с форматом ДД.ММ.ГГГГ.

Демалу елі (орыс) өрісін толтырған кезде турист баратын барлық бару елдерін көрсетіңіз. Егер саяхат барысында турист 3 елге барса бұл өрісте үшелді көрсетіңіз, егер бір елге барса бір ғана ел көрсетілуі тиіс.
Егер туристтің баратын елдерін қосқан кезде қателесіп дұрыс емес елді көрсетсеңіз, бұл елдің атауынан құсбелгіні алып тастауға болады және жүйе елді баратын елдер тізбесінен жояды.

Туристке туркодты беру үшін барлық деректерді толырып болған соң, Сақтау түймесіне басыңыз. Жүйе сізді Туркодты қарау бетіне жібереді (келесі тармақты қар.).

Қарау, e-mail мекенжайына жіберу, туркодты басып шығару

Жасалған туркодтың беті мынадай:

Оған келесі тәсілдермен өтуге болады:

  1. Сақтау түймесіне басқан соң, Турды қосунысанында туркодты туристке берген соң барлық деректерді толтырып
  2. Турлан тізімі арқылы. Ол үшін басты бетте Турлар тізімі пиктограммасына шертіңіз Турлардың пайда болған тізімінде қажеттісін таңдап, оның нөміріне шертіңіз:

Туркодты қарау бетінде жеке кабинетте оператор мыналарды жасай алады:

  • Туристтің туркодын қарау Назар аударыңыз: Турдың нөмірі тізілімінде туркод (әріптік-цифрлық) көрсетілуі тиіс және Агентке Сілтеме болуы тиіс. Бұл жағдайда ғана туркод дұрыс жазылады және жүйеде болады.
  • Деректер дұрыс енгізілгенін тексеру.
  • Туркодқа арналған сілтеменің жанындағы тілшелері бар түймеге басып, туркод бойынша деректерді басып шығару: Бұл сілтеме жалпыға қолжетімді, яғни оны хабарлайтын кез келген адам қордың сайтында турдың мазмұнын қарап (туркод бойынша деректер) оларды басып шығара алады. Оны сіз үшін ыңғайлы байланыс түрлерімен агентке немесе туристке хабарлауға болады.
  • Тікелей жеке кабинеттен агенттің e-mail мекенжайын көрсете отырып турлар тізіліміндегі туристтің туркодын қарауға турагентке сілтемесі бар e-mail мекенжайын жіберу:
Туркодтың күшін жою

Егер туристтің деректерінде қате тапсаңыз (әлдеқашан берілген туркодтың деректерін өзгертуге болмайды), немесе жүйеде бір туристке екі туркод (телнұсқа) жаңылысып жазылса немесе турист жол жүру бойынша деректерін өзгертсе (күні, елі/болу елу) бұл жағдайда туркодтың күшін жоюға арналған өтінішті беріңіз.

Бұны келесідей жасайға болады:

  1. Туркодты қарау бетінде Бүліну түймесіне басыңыз
  2. Турдың бүлінуі туралы өтініш нысанында Сіздің Email және Турдың бүліну себебі өрістерін толтырыңыз
    Назар аударыңыз: Турдың бүліну себебі өрісінде қате туркодтың күшін жойған соң жүйеде қалатын туркодты жазып көрсетіңіз. Яғни туркодтың күшін жоймас бұрын жүйеде туристке дұрыс деректерді көрсете отырып дұрыс туркодты беру керек және Турдың бүліну себебі өрісінде осы туристке арналған туркодтың нөмірін көрсету керек.
    Мысалы, 34FDH-1234 туркодының күшін жою керек, себебі туристтің төлқұжат деректері дұрыс емес көрсетілді. Оператор жүйеде 567НА-1237 нөмірімен турист бойынша дұрыс деректері бар жаңа туркод жасайды. Турдың бүліну себебі өрісінде мыналарды көрсете указываем:
  3. ОК түймесіне басыңыз. Сіздің өтінішіңіз ойдағыдай тіркелсе, жүйе келесі түрдегі хабарламаны шығарады:
  4. Егер жүйенің әкімшісі сіздің сұрауыңызды оң түрде өңдесе, бүліну туралы өтінішті берген кезде көрсетілген жәшігіңізге келесі түрдегі хабарлама жіберіледі:
  5. Осындай хабарламаны алған соң жеке кабинетке кіріңіз және туркодтың күшін жоюды тексеріңіз. Туркодты қарау бетінде міндетті түрде: Назар аударыңыз! Турдың күші жойылды хабарламасы болуы тиіс және туркод сызып тасталады.

Сондай-ақ басты беттегі Турлар тізімі беті арқылы туркодтың күші жойылғанына көзіңізді жеткізе аласыз: . Күші жойылған туркод қызыл түспен таңбаланады және сызып тасталған нөмірмен белгіленеді:

Егер туркодтың күші жойылмаса, жеке кабинеттен туркодтың күшін жоюға арналған өтінішті тағы да беріңіз.

Назар аударыңыз: Егер туркодтың күшін жоюға арналған өтініш тиісінше ресімделмесе (күші жою себебі болмаса немесе дұрыс туркод көрсетілмесе және т.б.), жүйенің әкімшісі немесе техникалық қолдауы туркодтың күшін жоюдан бас тарта алады және сізбен өтінішті берген кезде көрсетілге e-mail мекенжайыңызға бұл туралы хабарлама келеді. Бұл жағдайда Сізге жүйенің әкімшісінің себептері мен тілектерін ескере отырып, жеке кабинеттен өтінішті қайтадан беру керек.

Назар аударыңыз: Егер турист жол жүруден бас тартса, бірақ туркод әлдеқашан жүйеде жазылса, fondkamkor@fondkamkor.kz, мекенжайына, себебін көрсете отырып туроператор-компанияның фирмалық бланкідегі өтінішінің сканерленген суретін және туристтің бас тартуын растайтын құжатарды қоса тіркеп, электрондық хат жазу қажет.

Оператордың жеке кабинеті арқылы ғана туркодтың күшін жоюға болады. Күшін жою туралы қордың қызметкерінің жеке жәшігіне келіп түскен хат еленбейді!

Туроператорды авторластыру Әрекет тәртібі:
  1. https://www.fondkamkor.kz сайтының мәзірінде Туроператорларға -> Кабинетке кіру тармағын таңдаңыз
  2. Авторластыру нысанында тіркелген кезде жүйе берген логин және құпия сөзді (логині мен құпия сөзі бар хатты жүйе автоматты түрде тіркелген кезде көрсетілген e-mail мекенжайына жібереді) жазып көрсетіңіз және Кіру түймесіне басыңыз:
  3. Егер келесі түрдегі хабарламаны алсаңыз: «Пайдаланушының аты немесе құпия сөзі дұрыс емес...», онда қате логинді және/немесе құпиясөзді жаздыңыз. Алдыңғы бетке оралыңыз және қайтадан авторластырылып көріңіз.
    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Логин және құпия сөзді сіздің e-mail мекенжайға жіберілген тіркелімде (кішкентай немесе үлкен белгілер) енгізіңіз. Логинді және құпия сөзді енгізген кезде бос орын қалдырмаңыз.
  4. Егер тіркелген кезде көрсетілген e-mail мекенжайына логин және құпия сөзі бар хат келмесе, бұл жағдайда:
    1. СПАМ немесе Күдікті хаттар бумасында хаттың болуын тексеріңіз. Бұл мүмкін болса, клиент-бағдарламаса арқылы емес (Outlook, The Bat және т.б.), браузер арқылы (Firefox, Chrome, Opera) хаттың болуын тексеріңіз. Поштамен жұмыс істейтін клиент-бағдарламалар пошталық серверде СПАМ және Күдікті хаттар бумасында хаттарды тексермейді, сондықтан сіздің пошталық клиент осы бумалардағы хаттарын ала алмайды.
    2. Құпия сөзді ұмытып қалдым атқарымы арқылы логин және құпия сөзіңізді қалпына келтіріп көріңіз.
    3. Егер аталған хат бумада болмаса, техникалық қолдау қызметіне жүгініңіз.
Құпия сөзді қалпына келтіру Әрекет тәртібі:
  1. Авторластыру нысанында Құпия сөзді ұмытып қалдымсілтемесіне басыңыз.
  2. Оған тінтуірмен шертіңіз, компанияның БCН көрсетіңіз және КІРУ түймесіне басыңыз
  3. Экранның жоғарғы бөлігінде ақпараттық хабарлама пайда болуы тиіс: Егер басқа хабарлама келсе, техникалық қолдау қызметіне жүгініңіз.
Мекенжайы: ҚР, Нур-Султан қ., Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік к-сі, 14 үй, "Marden" БО, 807 кеңсе (карта проезда)
e-mail: fondkamkor@mail.ru
+7 (717) 227-91-12
«Туристік Қамқор» жүйесінің әкімшісі