Шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі |
Жүйенің әкімшісі ТУРИСТІК ҚАМҚОР |
«ТУРИСТІК ҚАМҚОР» КҚ
Жүйесінің әкімшісі кеңесінің шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
(2016 ж. "__"______________ N __ хаттама)
Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласында Азаматтардың құқықтарына кепілдік беру
жүйесінің әкімшісінің Тексеру комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Ереже Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласында Азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісінің (бұдан әрі - Жүйенің әкімшісі) Тексеру комиссиясының міндеттері мен қызмет тәртібін айқындайды, Жүйенің әкімшісінің басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін реттейді.
2. Тексеру комиссиясы Жүйенің әкімшісінің қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау органы болып табылады.
3. Жүйенің әкімшісінің кеңесі Тексеру комиссиясының сандық құрамын анықтайды, оның мүшелерін сайлайды және олардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтатады.
4. Тексеру комиссиясын және оның Төрағасын Жүйенің әкімшісінің кеңесі бір жылға сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің құрамына сайланған тұлғалар алдағы уақытта шексіз рет қайта сайлана алады.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі шектелмеген, жұмысқа қабілетті жеке тұлға тексеру комиссиясының мүшесі бола алады. «Туристік Қамқор» Қорының төрағасы, Жүйенің әкімшісі кеңесінің мүшелері, Жүйенің әкімшісінің директоры және оның орынбасарлары, олардың жақын туыстары, сондай-ақ Әкімшіден жалақы немесе қандай да бір басқа тұрақты сыйақы алып тұратын тұлғалар Тексеру комиссиясының мүшелері (тексерушілер) бола алмайды.
Егер Тексеру комиссиясының өкілеттіліктер мерзімі аяқталған сәтте, Кеңес мүшелерінің Жалпы жиналысымен келесі мерзімге Тексеру комиссиясын сайлау туралы шешім қабылданбаса, Тексеру комиссиясы мүшелерінің бұрын сайланған құрамы келесі мерзімге Тексеру комиссиясы мүшелерінің құрамын сайлау туралы шешім қабылдағанша өз өкілеттіліктерін орындауды жалғастырады.
2. Тексеру комиссиясының мүшелері өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.
3. Тексеру комиссиясының мүшелеріне үміткерлер бухгалтерлік есеп, аудит және қаржылық есептіліктің негіздерін білуі тиіс, сондай-ақ ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеріс жүргізудің тәжірибелік дағдыларына ие болуы тиіс.
1.7. Тексеру комиссиясы (тексеруші) Жүйенің әкімшісінің қаржылық-шаруашылық қызметіне жоспарлы тексерістерді де, жоспардан тыс тексерістерді де өткізеді. Жоспарлы тексерістер жылына жиі дегенде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс тексерістер Жүйенің әкімшісі кеңесінің талабы бойынша немесе Жүйенің әкімшісі мүшелерінің жалпы санынан кемінде отыз пайызын құрайтын Жүйенің әкімшісі қатысушыларының талабы бойынша өткізіледі.
Тексерістердің нәтижелері Кеңеске баяндалады.
1.8. Тексеру комиссиясының қызметін Жүйенің әкімшісінің директоры ұйымдық-техникалық қамтамасыз етеді.
1.9. Тексеру комиссиясы өз атауы бар мөртаңбаға және бланкіге ие болуы мүмкін.
1.10. Тексеру комиссиясы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» № 211 Заңын, басқа заңдар мен туристік қызмет туралы басқа нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ Жүйенің әкімшісінің Жарғысын басшылыққа алады.
1.11. Тексеру комиссиясы Жүйенің әкімшісінің Жарғысымен және осы Ережемен анықталған мақсаттар мен өкілеттіліктер шегінде Жүйенің әкімшісінің басқару органдарынан атқарымдық және ұйымдық тәуелсіздікке ие.
2. Тексеру комиссиясының жұмысының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары
2.1. Тексеру комиссиясы Жүйенің әкімшісінің ақшалай қаражат пен ресурстарды қолдануды, қаржылық және басқа да шаруашылық операцияларды жасаудың белгіленген тәртібін сақтауды, бухгалтерлік және басқа да есептіліктің дұрыс жүргізілуін, сондай-ақ Жүйенің әкімшісінің мүлкін басқару және оған иелік етудің белгіленген тәртібін сақтауды бақылау мақсатымен Жүйенің әкімшісінің қаржылық-шаруашылық қызметіне жоспарлы және жоспардан тыс тексерістерді жүзеге асырады.
2.2. Тексеру комиссиясының міндеттері:
- Жүйенің әкімшісінің бюджетін қолданудың дұрыстығын және Жүйенің әкімшісінің атқарушы органымен қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруын бақылау;
- табыс және шығыс қаржылық операциялардың заңдылығына, уақтылығына, мақсаттылығына ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- материалдық-қаржылық жоспарлаудың және бекітілген жоспарларды орындаудың белгіленген тәртібінің сақталуына ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Жүйенің әкімшісінің мүлкін басқару және оған иелік етудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды ұйымдастыру және іске асыру;
- шешімдері Кеңестің құзыретіне жататындарды қоспағанда, қаражат пен ресурстардың жұмсаудың мақсаттылығын анықтау;
- Жүйенің әкімшісімен жоспарланатын және жасалатын қаржылық және шаруашылық операциялардың негізділігі мен заңдылығын бағалау;
- Жүйенің әкімшісінің қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты нормативтік актілердің жобаларын сараптауға қатысу;
- өз құзыретінің мәселелері бойынша бақылаудың сыртқы органдарымен және аудиторлармен өзара іс-қимыл жасау;
- жол берілетін бұзушылықтардың себептерін сараптау, оларға жол бермеу бойынша ұсынымдарды жасап шығару.
2.3. Тексеру комиссиясы қызметінің қағидаттары:
- Жүйе әкімшісінің қызметі аясында тәуелсіздік, объективтілік және ақпараттық ашықтық;
- қойылған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік беретін Жүйенің әкімшісінің басқару органдарының жүктелген атқарымдары мен тапсырмаларының оңтайлы арақатынасы;
- жұмысты орындауға жеткілікті кәсіби дағдылары мен тәжірибесі бар қызметкерлердің құзыреттілігі;
- кәсіптік адалдық және жүйелілік;
- нақтылық: Тексеру комиссиясымен белгілі қаржылық-шаруашылық операцияларды тексеруі;
- өкілеттілік: Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатымен бақылауды жүзеге асыруы үшін құқықтар мен мүмкіндіктердің тиісті көлемін ұсыну;
- шешім қабылдауға уәкілетті тұлғаларды жедел түрде хабардар етуге мүмкіндік беретін бұзушылықтарды жоюдың немесе болдырмаудың тікелейлігі;
- шешім қабылдауға уәкілетті тұлғалар тарапынан бұзушылықтардың туындау қаупі немесе анықталған бұзушылықтары туралы уақтылы хабарлау;
- өз құзыретінің мәселелері бойынша Жүйенің әкімшісінің кез келген қызметкерлерімен, құрылымдық бөлімшелерімен немесе контрагенттерімен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;
- бақылау әдістерінің сенімділігі және көкейтестілігі.
3. Тексеру комиссиясының төрағасы
3.1. Қазақстан Республикасының азаматы Тексеру комиссиясының төрағасы бола алады.
Тексеру комиссиясының төрағасы Жүйенің әкімшісі кеңесінің мүшелерімен, оның мүшелерінің санынан дауыстардың көпшілігімен сайланады.
Тексеру комиссиясының төрағасы:
- Тексеру комиссиясының жұмысына басшылықты, жұмыс жоспарларын дайындауды жүзеге асырады және оның жұмысын ұйымдастырады;
- Тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі өкімдерді, соның ішінде бақылау іс-шараларын өткізу туралы өкімдерді шығарады;
- Тексеру комиссиясының отырыстарын шақыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, оларға төрағалық етеді және отырыстардың хаттамаларына қол қояды;
- бақылау іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, сондай-ақ олардың нәтижелері үшін жауапкершілік тартады;
- Тексеру комиссиясының бақылау, сараптау-талдау және ақпараттық өкілеттіліктерін іске асыруды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың нәтижелері үшін жауапкершілік тартады;
- Тексеру комиссиясының ұсынымдары мен қорытындыларын бекітеді және оларға қол қояды;
- Жүйенің әкімшісінің басқару органдарын өткізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы хабардар ету;
- Тексеру комиссиясының өкілеттіліктеріне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті құқықтық актілердің жобаларын енгізу құқығына ие;
- Жүйенің әкімшісінің қаржылық-шаруашылық қызметінің мәселелері бойынша барлық басқару органдарының отырыстарына қатысуға құқылы;
- ҚР заңнамасына, Жүйенің әкімшісінің ішкі құжаттарына және осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
4. Тексеру комиссиясының өкілеттіліктері
4.1. Осы ережеде көрсетілген міндеттерді орындау үшін Тексеру комиссиясына бақылау, сараптау-талдау және ақпараттық өкілеттіліктер беріледі.
4.2. Бақылау өкілеттіліктерін іске асырған кезде Тексеру комиссиясы:
- Жүйенің әкімшісімен жоспарланатын және жасалатын қаржылық және шаруашылық операциялардың негізділігі мен заңдылығын бағалайды;
- қаражаттың заңдылығын, тиімділігін және мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау;
- Жүйенің әкімшісімен табыс және шығыс операцияларын уақтылы орындауын бақылайды;
- материалдық-қаржылық жоспарлаудың және бекітілген жоспарлардың, бюджеттердің орындаудың белгіленген тәртібінің сақталуына ішкі бақылау;
- Жүйенің әкімшісінің мүлкін басқару және оған иелік етудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылау;
- бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шараларды жояды және қабылдайды;
- жергілікті нормативтік актілер жобаларының сараптамасына қатысу;
- Жүйенің әкімшісінің басқару органдарын анықталған бұзушылықтар туралы хабардар ету;
- өз құзыретінің мәселелері бойынша бақылау және аудиттің сыртқы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
- жол берілетін бұзушылықтардың себептерін сараптайды, оларға жол бермеу бойынша ұсынымдарды жасап шығарады;
- Жүйенің әкімшісімен барлық қаржы көздерінен алатын қаражатының заңдылығын, орындылығын және тиімділігін, кредиторлық және дебиторлық берешектердің күйін, сондай-ақ қаржылық ресурстардың орналасу тиімділігін бақылау;
- Жүйенің әкімшісі кеңесіне тексерістердің нәтижелерін ұсыну.
4.3. Жүйенің әкімшісі кеңесінің тарапынан тиісті тапсырма бар болса, Тексеру комиссиясының қорытындысы түріндегі өткізілген сараптау-талдау жұмыстарының нәтижелері аталған тапсырмада көрсетілген мерзімдерде ұсынылады.
4.4. Тексеру комиссиясы өз өкілеттіліктерін жүзеге асырған кезде Жүйенің әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ жүйенің қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауға құқылы.
5. Тексеру комиссиясының өкілеттіліктерін жүзеге асыру тәртібі
5.1. Тексеру комиссиясының бақылау өкілеттіліктері Жүйенің әкімшісінің барлық органдарына және құрылымдық бөлімшелеріне таралады (бұдан әрі мәтін бойынша - «бақылау объектілері»). Аталған бақылау объектілерінің қызметіне Тексеру комиссиясының өкілеттіліктері Жүйенің әкімшісінің қаражатын және материалдық ресурстарын алумен, аударумен немесе қолданумен байланысты бөлігінде таралады. Бақылау іс-шараларын өткізген кезде Тексеру комиссиясының мүшелері тексерілетін бақылау объектілерінің жедел қызметіне араласпауы тиіс. Тексерістер мен тексерулер Жүйенің әкімшісінің және оның бөлімшелерінің қалыпты жұмыс тәртібін бұзбауы тиіс.
5.2. Жүйенің әкімшісінің қызметкерлері және бақылау объектілерінің басшылары өткізілетін тексеріске байланысты және осы Ережемен белгіленген өкілеттіліктерінің шегінде тиісті сұрауды алған күннен бастап үш күннен кешіктірмей Тексеру комиссиясына барлық қажетті құжаттарды, материалдарды және жеке түсініктемелерді ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті. Тексеру комиссиясының аталған сұрауларына оның Төрағасы қол қояды. Басшылардың, бақылау объектілерінің лауазымды тұлғаларының Тексеру комиссиясының талабы бойынша құжаттаманы немесе ақпаратты уақтылы ұсынудан бас тартуы немесе жалтаруы, сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат ұсынуы федералдық заңнамамен, Жүйенің әкімшісінің жергілікті нормативтік актілерімен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
5.3. Жоспарлы бақылау іс-шаралары тексерілетін объектінің орналасқан жері бойынша Тексеру комиссиясының жылдың қызмет жоспарының негізінде және бақылаудың нақты объектісіне қатысты бақылау іс-шарасын өткізу туралы Тексеру комиссиясы төрағасының өкімі болған жағдайда өткізіледі. Жоспардан тыс бақылау іс-шаралары нақты бақылау объектісіне қатысты бақылау іс-шарасын өткізу туралы Тексеру комиссиясы төрағасының өкімі негізінде Жүйенің әкімшісі кеңесінің шешімі бойынша өткізіледі.
5.4. Бақылау іс-шараларын Тексеру комиссиясының мүшелері өткізеді. Тексеру комиссиясы тарапынан тексерушілер өз міндеттерін орындаған кезде Тексеру комиссиясы төрағасының нақты бақыла объектісіне қатысты бақылау іс-шарасын өткізу туралы өкімін көрсеткен жағдайда мынадай құқықтарға ие:
- бақылау объектілері орналасқан орынжайларға кіру;
- тексеріс басталғанға дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күннен бұрын жазбаша түрде бұған қажетті құжаттарды сұрау;
- Жүйенің әкімшісінің Дирекциясы тарапынан тексеріске қажетті құжаттар мен Дирекция қызметкерлерінің тарапынан түсініктемелер алу. Жүйенің әкімшісінің директоры Тексеру комиссиясының мүшелеріне жұмысқа қажетті шарттар жасауға, олардың қажетті орынжайлар мен байланыс құралдарын беруге, техникалық қызмет көрсетуді және іс қағаздарын жүргізу бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
5.5. Өткізілген бақылау іс-шарасының нәтижелері Тексеру комиссиясының төрағасымен бекітілген өкімнің нысаны бойынша актімен ресімделеді. Бақылау іс-шарасын жүзеге асыратын Тексеру комиссиясының мүшелері актінің дәйектілігі үшін дербес жауапкершілік тартады. Актіге бақылау іс-шарасын жүзеге асыратын Тексеру комиссиясының мүшелері және Жүйенің әкімшісінің директоры қолын қояды.
5.6. Актіде баяндалған ақпарат, өткізілген бақылау іс-шарасының нәтижелері туралы Тексеру комиссиясының ұсынымы мен есебін дайындаудың негізі болып табылады. Ұсынымды түзуге арналған нысан Тексеру комиссиясы төрағасының өкімімен бекітіледі. Тексеру комиссиясының ұсынымы өткізілген бақылау іс-шарасының нәтижелері бойынша түзіледі, оған Тексеру комиссиясының төрағасы қолын қояды және Жүйенің әкімшісі кеңесіне жіберіледі. Тексеру комиссиясының ұсынымы Жүйенің әкімшісі кеңесінің таяудағы отырысында қарастырылуы тиіс. Тексеру комиссиясының ұсынымдарын қарастырудың қорытындылары бойынша Қамқоршылық кеңес Жүйенің әкімшісінің директорына бақылау іс-шарасының барысында айқындалған бұзушылықтарды жою, келтірілген нұқсанды өтеу бойынша шараларды қабылдау туралы тапсырма береді. Директор ұсынымды қарастыру нәтижелері, шешімдер және оларды іске асыру шаралары туралы Тексеру комиссиясын дереу хабардар етеді. Ұсынымда баяндалған Тексеру комиссиясының талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау, сол сияқты ұсынымды қарастырудың нәтижелері туралы хабарлаудың белгіленген мерзімін бұзу ҚР Заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
5.7. Тексеру комиссиясы бақылау іс-шараларын өткізген кезде заңнаманы бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, бақылау іс-шараларының тиісті материалдар Тексеру комиссиясы тарапынан заңнаманы бұзу үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдарға жіберіледі.
5.8. Тексеру комиссиясының актісімен немесе қорытындысымен келіспейтінін білдірген Тексеру комиссиясының мүшелері Тексеру комиссиясының актісіне немесе қорытындысына қоса беріліп, оның ажырамас бөлігі болып табылатын ерекше пікірін дайындауға құқылы.
6. Тексеру қызметінің қызметі мен есептілігін жоспарлау
6.1. Тексеру комиссиясы өз қызметін жылдық жоспардың негізінде жүзеге асырады. Ол Тексеру комиссиясы қызметінің барлық түрлері мен бағыттарын ескере отырып оның өкілеттіліктерін қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып қалыптасады. Жоспар бақылау іс-шараларын және оларды өткізу мерзімдерін, комиссияның жауапты мүшелерін көрсете отырып жұмыстардың басқа түрлерін қамтиды.
6.2. Тексеру комиссиясының қызметінің жылдық жоспары Жүйенің әкімшісінің кеңесімен бекітіледі.
6.3. Тексеру комиссиясының қызметінің жылдық жоспарын іске асыру туралы есеп Жүйенің әкімшісінің кеңесіне ұсынылады.
Тексеру комиссиясының есебі үш бөліктен: кіріспе, талдау және қорытынды бөліктерден құралуы тиіс.
Тексеру комиссиясының есебінің кіріспе бөлігі мыналарды қамтуы тиіс:
а) Жүйенің әкімшісінің толық фирмалық атауы;
б) есепті құрастырған күн және орны;
в) тексерісті өткізудің күні (кезеңі) және орны;
г) тексерістің мақсаты (Жүйенің әкімшісі қызметінің заңдылығын анықтау, бухгалтерлік және басқа құжаттаманың дәйектілігін, ҚР заңнамасына сәйкестігін белгілеу)
д) тексеріс объектісі (белгілі қызмет, қаржылық және шаруашылық құжаттама, бухгалтерлік және статистикалық есептілікті және т.б. қоса алғанда);
е) тексерісті өткізу кезінде қолданылған, Жүйенің әкімшісінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық және басқа құжаттардың тізбесі.
Талдау бөлігі тексерілетін объектінің күйін объективті бағалауды қамтуы тиіс және мыналардан тұруы тиіс:
а) Жүйенің әкімшісінің бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттамасы мен қаржылық-шаруашылық қызметінің басқа құжаттамасын тексерудің жалпы нәтижелері;
б) қаржылық-шаруашылық операцияларды жасаған кезде ҚР заңнамасы талаптарының сақталуын тексерудің жалпы нәтижелері.
Жүйенің әкімшісінің Тексеру комиссиясы есебінің қорытынды бөлігі Тексеру комиссиясының дәлелді қорытындыларынан тұруы тиіс.
Қандай да бір мәселе бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері арасында келіспеушіліктер туындаса, Тексеру комиссиясының есебіне келіспеушіліктермен (ескертулермен) қол қойылады, олар Тексеру комиссиясы мүшесінің ерекше пікірінде баяндалуы мүмкін. Тексеру комиссиясының есебіне Тексеру комиссиясының мүшесі немесе сарапшы-маман қолын қойған ерекше пікір қоса беріледі.
6.4. Тексеру комиссиясының есептері мен басқа құжаттары Жүйенің әкімшісінде сақталуы тиіс.
7. Тексеру комиссиясы мүшелерінің жауапкершілігі
7.1. Тексеру комиссиясының мүшелері олармен өткізілетін тексерулер мен тексерістер нәтижелерінің, ұсынылатын есептерінің дәйектілігі үшін ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік тартады.
7.2. Тексеру комиссиясымен өткізілген тексеріс нәтижелері бойынша, Жүйенің әкімшісі кеңесінің шешімімен аудиторлық ұйымды жұмылдыра отырып Тексеру комиссиясының жұмысына тәуелсіз сараптама өткізілуі мүмкін.
9. Тексеру комиссиясы мүшесінің
өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату
9.1. Тексеру комиссиясы мүшесінің өкілеттіліктері төмендегі жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:
- міндеттерді физикалық тұрғыдан орындай алмау (қайтыс болу, ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте хабарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау, әрекетке қабілетсіз деп тану);
- Тексеру комиссиясының мүшесі өкілеттіліктерін ерікті түрде доғару, Жүйенің әкімшісін бұл туралы жазбаша хабардар ету және Жүйенің әкімшісінің кеңесімен тиісті шешім қабылдау;
- өз өкілеттіліктерін өрескел түрде бұзса немесе Жүйенің әкімшісіне зиян келтіруге бағытталған немесе Жүйенің әкімшісі үшін қолайсыз салдарға әкеп соққан (соның ішінде, бірақ шектелместен: маңызды құжаттар мен материалдарды жою, бүлдіру немесе бұрмалау; Жүйенің әкімшісінің лауазымдық тұлғаларын немесе мүшелерін қызметінің мәселелері бойынша әдейі адастыру; Жүйенің әкімшісінің мүлкінің қандай да бір бөлігін өз мүдделерінде жою, бүлдіру, иеліктен айыру) кінәлі іс-әрекеттер.
Тексеру комиссиясы мүшелерінің тізімі: Microsoft Word үшін, LibreOffice үшін.