ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің турагенттіктерінің тізімін пайдаланыңыз және өз қалаңыздың турагенттігін таңдаңыз - мұны мына сілтеме бойынша жасауға болады - http://kamkor-list.kz/index.html
Турагенттіктің қызметтерімен мұқият танысыңыз
Турды таңдау кезінде туроператор ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатынын – табылмайтынын тексеріңіз. Мұны екі жолмен жасауға болады - "қатысушы куәлігін" ұсынуды немесе туроператорды "қатысушылар тізілімінде"тексеруді сұраңыз.
Турды ресімдегеннен кейін құжаттаманы алған кезде сапардың әрбір қатысушысына берілген ТУРКОДТЫҢ бар-жоғын тексеріңіз.
ТУРКОДТЫ тексеру үшін осы сайттың басты бетіндегі "туркодты тексеру" терезесіне басыңыз да, өз ТУРКОДЫҢЫЗДЫ енгізіңіз. Жүйе сіз турлар тізіліміне енгізілгеніңізді немесе кірмегеніңізді көрсетеді. Тізілімге сіздің ТУРКОДЫҢЫЗДЫ енгізілген болса? осы туроператорда қиындықтар туындаған кезде сізге Қазақстанға қайтып оралуға кепілдік берілгенін білдіреді.
Тізілімде сіз болмаған жағдайда, осы жағдайды шешу үшін сайтта жүйенің әкімшісіне тиісті өтінішті ресімдеуді сұраймыз.